«Astana Qazaqstan Team» командасының ақпан айында қатысатын жарыстары белгілі

«Astana Qazaqstan Team» командасының ақпан айында қатысатын жарыстары белгілі
Басқа

«Astana Qazaqstan Team» велокомандасы ақпан айында бірнеше халықаралық жарысқа қатысады, деп хабарлайды bassport.kz.

Атап айтқанда, Pro дәрежесіндегі біркүндік додалардың төртеуінде бақ сынайды. Сонымен қатар әлемдік турдың бір классикасына және бірінші дәрежедегі көпкүндік жарысқа да шабандоздарын жібереді.

«Astana Qazaqstan Team» қатысатын ақпан айындағы жарыстар:

Clásica Jaén Paraíso Interior (Испания, 13 ақпан, 179 шақырым);

«Альп және Вар туры» (Франция, 17-19 ақпан);

«Омлоп Хет Ниувсблад» классикасы (Бельгия, 25 ақпан, әлемдік тур);

«Кюрне – Брюссель – Кюрне» (26 ақпан, Pro);

Faun-Ardèche Classic (Франция, 25 ақпан, 168,5 шақырым);

Faun Drome Classic (Франция, 26 ақпан, 191,5 шақырым).