Дидар Хамза мен Камила Берліқаш жартылай финалда

Дидар Хамза мен Камила Берліқаш жартылай финалда
Дзюдо

Португалияда өтіп жатқан дзюдодан Гран-при турнирінің соңғы жарыс күнінде екі қазақстандық дзюдошы жартылай финалға шықты, деп хабарлайды Bassport.kz. 

Ерлер арасында 90 келіге дейінгі салмақта сынға түсіп жатқан Дидар Хамза финал жолдамасына таласады. Оның жартылай финалдағы қарсыласы - Токио Олимпиадасының жүлдегері, венгриялық Кристиан Тот. 

Қыздар арасында аса ауыр салмақтағы Камила Берліқаш жартылай финалға өтті. Ол ақтық сынға шығу үшін португалиялық Рошель Нуниевпен белдеседі.