Ресми: Қазақстандық дзюдошы Эсмигүл Куюлова Париж Олимпиадасына қатысады

Ресми: Қазақстандық дзюдошы Эсмигүл Куюлова Париж Олимпиадасына қатысады
Дзюдо

Olympic.kz

Қазақстандық дзюдошы Эсмигүл Куюлова Париж Олимпиадасында жекелей сында белдеседі. Бұл туралы федерацияның бас хатшысы Айбек Имашев мәлімдеді, деп хабарлайды BasSport.kz Ұлттық олимпиадалық комитетке сілтеме жасап. 

«Эсмигул Куюлованың жекелей сында өнер көрсететіні расталды. Бұған дейін ол аралас командалық сайыста белдесуге квота алған болатын. Енді оған тағы ұпайлар қосылып, Халықаралық дзюдо федерациясы Куюлованың 63 келіде жекелей сында күресетінін растады», - дейді Имашев ҚР ҰОК сайтына берген ресми сұхбатында. 

Еске сала кетейік, Эсмигүл Куюлова - дзюдодан Азия ойындарының (2023) және Азия чемпионатының (2024) қола жүлдегері.

Париж Олимпиадасында жалпы есебі 8 дзюдошы бақ сынайды.