Кеңес Рақышев Азиядан 20 медаль жеңіп алған боксшыларды құттықтады

Кеңес Рақышев Азиядан 20 медаль жеңіп алған боксшыларды құттықтады
Бокс

Таиланд астанасы - Бангкокта 22 жасқа дейінгі жастар арасындағы бокстан Азия чемпионаты аяқталды. Жүлдегер атанған боксшыларды отандық бокс федерациясының президенті Кеңес Рақышев құттықтады, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.

Боксшылар үшін биылғы басты бәсеке – Ташкенттегі әлем чемпионаты және Қытайда өтетін жазғы Азия ойындары. Дәл осы жарыстарға Қазақстан бокс федерациясы мен Мәдениет және спорт министрлігі басымдық беріп, құраманың жұмысына жіті назар аударады, - деді Кеңес Рақышев.
Бангоктан шаршы алаң шеберлері 5 алтын (ерлер құрамасы -3,әйелдер құрамасы-2) алтын жеңіп алды. Сосын 3 күміс пен 12 қола (бес ер және жеті әйел) бар. Осылайша, 25 боксшының 20сы медальге қол жеткізді.