Азия чемпионы атанған қазақстандық боксшы Ташкенттегі әлем біріншілігін көздеп отыр

Азия чемпионы атанған қазақстандық боксшы Ташкенттегі әлем біріншілігін көздеп отыр
Бокс

Таиландта өткен жастар арасындағы Азия біріншілігінің жеңімпазы Нұрсұлтан Алтынбек Ташкенттегі әлем чемпионатына қатысуға ниетті екенін айтты, деп жазады Bassport.kz.

Бұл туралы ол финалдық жекпе-жектен соң мәлімдеді. 

"Баршаңызға үлкен рахмет! Қолдауларыңызға рахмет! Бүгін жеңіске жеттім, Аллаға шүкір. Осы орайда, өз отбасыма алғыс айтамын. Кездесулер өте ауыр әрі сәтті өтті. Мен өз-өзіме сеніп, жеңіске жеттім. Азия чемпионаты өте жоғары деңгейде өтті. Біз үшін үлкен тәжірибе екені анық. Енді Өзбекстанда өтетін әлем чемпионатына дайындаламыз. Жеңіске жету үшін барымды саламын", - деді боксшы.

Жастар арасындағы Азия чемпионатында қазақстандық боксшылар үш алтын жеңіп алды. Олардың қатарында Нұрсұлтан Алтынбек те бар.