"Атырау" Жуковтың бұрынғы командасымен кездесті

Футбол

«Атырау» футбол клубы Түркиядағы оқу-жаттығу жиыны аясында Польшаның «Висла» клубымен кездесті, деп хабарлайды  Bassport.kz.

Краков қаласының команда Польшаның премьер-лигасынан екінші дивизонға сырғыған. Ол кезде клубта Қазақстан құрамасының экс-жартылай қорғаушысы Георгий Жуков өнер көрсеткен.

«Атырау» алғашқы минуттан мына құраммен шықты: Хаткевич, Степанов, Бисси, Жұмаханов, Такулов, Новак, Антанавичюс, Набиханов, Стасевич, Сергеев, Өміртаев.

Кездесудің 14-минутында польшалық команда есеп ашты. Дегенмен, үзіліске шығатын тұста Матеус Бисси есепті теңестірді. Жеңісті жұлып алатын мүмкіндік болған. Бірақ 80-минутта Ринат Жұматов пенальтиден мүлт кетті.

«Висла» Польшаның 13 дүркін чемпионы. «Атырау» Қазақстан премьер-лигасын 11-орынмен аяқтаған.