Ресей футболына қатысты шешім қабылданады

Ресей футболына қатысты шешім қабылданады
Футбол

УЕФА өкілдері алдағы атқарушы кеңесінің отырысында Ресей футбол одағының басшыларымен кездеседі, деп хабарлайды Bassport.kz Sky News-ке сілтеме жасап.

Жиында Ресей футболына қатысты мәселелер талқыланады. Дереккөздің жазуынша, УЕФА өкілдері ресейлік клубтардың Еуропадағы жарыстарға қашан қатыса алатыны сөз болады. Бірақ барлығы Украинадағы соғысқа байланысты. Егер жағдай жақсармаса, ресейлік клубтар еурокубокқа қатыса алмайды.

Ресей әлем және Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңдерінен тыс қалды. Сосын 2024 жылғы құрлық біріншілігінің жеребесіне де қатыстырылмады.