«Ақсу» бразилиялық футболшымен толықты

«Ақсу» бразилиялық футболшымен толықты
Футбол

Павлодар облысының «Ақсу» футбол клубына Луис Гедеш атты бразилиялық шабуылшы келді, деп хабарлайды  BasSport.kz.

Луис – «Гуарани» клубының түлегі. Карьерасын 2018 жылы «Оэсте Паулиста» сапында бастаған. Одан кейін «СЕ Итапиренсе», «Гремио Сорризу», «Гремио Осаско» командаларында ойнаған.

Былтырғы маусымды Шымкенттің «Ордабасы» сапында өткізді. Шабуылшы 24 матчта 1 гол ғана соққан. Кубокта 6 ойында үш мәрте мергендік танытты.