Боксшы Абылайхан Жүсіпов 2024 жылғы Париж Олимпиадасына бара ма?

Боксшы Абылайхан Жүсіпов 2024 жылғы Париж Олимпиадасына бара ма?
Бокс

Әуесқой бокстан үш дүркін әлем чемпионатының қола жүлдегері Абылайхан Жүсіпов соңғы кездері кәсіпқой бокс рингіне шығып жүр. Ол "Qazsport" арнасына берген сұхбатында 2024 жылғы Париж олимпиадасына қатысу-қатыспауына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды  Bassport.kz. 


- Ұлттық құрамадан кетіп қалдың. Ал қазір жеңіл салмақтағы боксшылар жақтағы нәтиже көрсетіп жүр. Бірақ орта және ауыр салмақтағы боксшылардың өнері аса мәз емес. Осындай сәтте құрамаға оралуды ойлаған жоқсың ба? Қыр астында Париж Олимпидасы тұр.


Азия чемпионатын көрдік. Мен құрамадағы бәсекелестерім Асланбек Шымбергенов 71 келіде чемпион атанды. Дулат Бекбауов 67 келіде күміс жүлде алды. Егер менің көмегім керек болса, әрине дайынмын. Бірақ бәрі менің қолымда емес. Промоутерлік компания мен бокс Федерациясына да байланысты. Әлбетте, Олимпиада мен әлем біріншілігінде топ жару менің де арманым. Барлығы сәтімен болып жатса, қарсы емеспін. Ал қазір қалай білмеймін. Уақыт көрсетеді, - дейді Абылайхан Жүсіпов. 


Абылайхан Жүсіпов - жастар арасында Нанкин Олимпиадасының чемпионы және әлем чемпионы. Ересектер арасында үш рет әлем біріншілігінде қола медаль алған.