Сәкен Бибосынов екі дүркін әлем чемпионы атанды

Сәкен Бибосынов екі дүркін әлем чемпионы атанды
Бокс

Сәкен Бибосынов/Сурет: Тұрар Қазанғапов

Сәкен Бибосынов бокстан әлем чемпионатының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.

Дубайда өткен бокстан IBA ұйымдастырған әлем чемпионатының 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі финалында отандасымыз ресейлік Вячеслав Рогозинді жеңіп, алтын медаль жеңіп алды.

Осымен Сәкен Бибосынов екінші рет әлем чемпионы атанып отыр. Бұған дейін ол 2021 жылы Белградта өткен додада топ жарған еді.