Қазақ жастары супер-камбэк жасап, әлем чемпионатында күміс еншіледі

Қазақ жастары супер-камбэк жасап, әлем чемпионатында күміс еншіледі
Хоккей

Қазақстан - Австрия/Сурет: Қазақстан хоккей федерациясы

Словенияның Блед қаласында хоккейден жастар арасындағы І дивизионның А тобындағы әлем чемпионаты аяқталды. Қазақстан жастар құрамасы соңғы ойынын Австрияға қарсы өткізіп, жеңіске жетті, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.

Ойынның басында Австрия біздің қақпамызға төрт шайба соғып, есепте сенімді түрде алда болған. Алайда бірінші кезеңнің соңына таман біздің хоккейшілеріміз есеп айырмасын екі шайбаға дейін қысқарта алды. Ал үшінші кезеңде таразы басын теңестірді. Австрия құрамасы топ-дивизионға шығу үшін негізгі уақытта жеңіске жетуі керек болған, сондықтан олар қақпашысын алтыншы ойыншыға алмастырған сәтте Қазақстан жастар құрамасы тағы бір шайба соғып, жеңіске жетті және әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды.