Қазақстан әлем чемпионатында неше алтын жүлде иеленді
Дубайда IBA ұйымдастырған бокстан әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. Жарыстың финалдық кезеңінде төрт қазақ боксшысы өнер көрсетті, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
54 келіде өнер көрсеткен Сәкен Бибосынов финалда ресейлік Вячеслав Рогозинді жеңіп, екі дүркін әлем чемпионы атанды.
Оразбек Асылқұлов (57 келі) шешуші сында тәжікстандық Хусравхон Рахимовты 5:0 есебімен сенімді жеңіп, алтыннан алқа тақты.
71 келіде ел намысын қорғаған Абылайхан Жүсіпов финалда ресейлік Сергей Колденковты ұтып, тұғыр биігіне көтерілді.
Сабыржан Аққалықов (75 келі) болса, финалда тағы бір Ресей өкілімен жұдырықтасып, Исмаил Мутсолговқа есе жіберді.
Сонымен қатар, Теміртас Жүсіпов (48 келі) пен Ертуған Зейнуллинов (63.5 келі) әлем чемпионатының қола жүлдегерлері атанды.