Кирилл Проходов әлем Кубогы кезеңінің жеңімпазы атанды

Кирилл Проходов әлем Кубогы кезеңінің жеңімпазы атанды
Семсерлесу

Қазақстан құрамасының семсерлесуден шпага сайысындағы өкілі Кирилл Проходов Өзбекстанның Ташкент қаласындағы жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогы кезеңінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі ҚР ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Жартылай финалда қазақстандық семсерлесуші алаң иесі Камронбек Исмоиловты (Өзбекстан) 15:6 есебімен жеңді. Ал шешуші сында Кирилл Проходов Тайбэй өкілі Чень Бин-Юннан басым түсіп, кездесуді 15:7 есебімен өз пайдасына аяқтады.