IBF Әлімханұлының допинг дауынан кейін шешім шығарды
Бокс
Жәнібек Әлімханұлы/Сурет: Тұрар Қазанғапов
IBF Жәнібек Әлімханұлының допинг дауынан кейін шешім қабылдады, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Халықаралық бокс федерациясы (IBF) жерлесіміз Жәнібек Әлімханұлына қатысты ресми жаңалық жариялады.
Допинг дауына іліккен боксшы орта салмақта IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы деген атағын сақтап қалды.
Ұйымның жаңартылған рейтингінде Жәнібек Әлімханұлының позициясы өзгерген жоқ.
Еске сала кетсек, 7 желтоқсанда Qazaq Style кубалық Эрисланди Ларамен үш чемпиондық атақ үшін жекпе-жек өткізуі керек болған еді. Алайда Жәнібектің допинг-сынамасынан тыйым салынған препарат табылғанына байланысты кубалық былғары қолғап шебері Хоана Гансалеспен жұдырықтасып, жеңіске жеткен.