Нұрсұлтан Белгібаев жаңа клубындағы алғашқы шайбасын соқты

Хоккей
Литвалық "Каунас Ситидің" қазақстандық шабуылшысы Нұрсұлтан Белгібаев жаңа клубындағы дебюттік матчында нәтижелі әрекетімен көзге түсті, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі "Shaiba.kz" сайтына сілтеме жасап.
"Оптибет" лигасында өнер көрсететін литвалық клубта бірінші матчын өткізген қазақстандық шабуылшы Нұрсұлтан Белгібаев алғашқы шайбасын соғып үлгерді. "Каунас Сити" "Рига" командасын 5:1 есебімен тізе бүктірді, ал 31 жастағы қазақстандық спортшы матч нүктесін қойды. Оның өз аймағындағы көк сызықтан жасаған соққысынан кейін шайба қақпа торынан табылды.
Еске салайық, бұған дейін оның қазақстандық хоккейшілер Демид Еремеев пен Данияр Ғабдуллин өнер көрсететін литвалық клубтың ойыншысы атанғанын хабарлаған болатынбыз.