Рафинья: "АПЛ - ойнау үшін және тамашалау үшін ең лайықты лига"

Футбол
Getty Images
Бұрынғы "Лидс Юнайтедтің", қазіргі "Барселона" және Бразилия құрамасының футболшысы Рафинья өзінің бұрынғы лигасы жайлы пікірін білдірді, деп хабарлайды Bassport.kz сайты.
«Премьер-лига — ойнауға және тамашалауға лайықты лига. АПЛ-де сіз 90 минут бойы қос команда бір бірінің деңгейлеріне қарамастан, қарсы қалай шабуылдап ойнайтынын көрсеңіздер болады», — деп. Рафиньяның сөзін Barca Universal келтірді.
Рафинья «Лидс» үшін 2020-2022 жылдары доп тепті. Бразилиялық футболшы ағылшын клубында 67 матч өткізіп, 17 гол соғып, 12 нәтижелік пас шығарды.
2022 жылы Рафинья «Барселона» футболшысы атанды. Ағымдағы клубтық маусымда 54 матч бразилиялық футболшы 34 гол және 25 голдық пас шығарды. Футболшының нарықтағы құны 80 млн € бағаланады. Шабуылшының «блауграноспен» келісімшарты 2027 жылдың 30 маусымына дейін жарамды.