"Барыстың" экс-шабуылшысы еуропалық клубқа ауысты

Хоккей
Қазақстандық хоккейші Нұрсұлтан Белгібаев "Оптибет" лигасында өнер көрсететін Литваның "Каунас Сити" командасының сапын толықтырды, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі "Shaiba.kz" сайтына сілтеме жасап.
31 жастағы шабуылшы биылғы маусымды "Алматы" сапында бастап, командамен бірге 5 матчқа қатысты. 2021-2022 жылдар маусымында Астана хоккейінің тәрбиеленушісі өскемендік "Торпедо" құрамында өнер көрсетіп, 27 ойында 1 нәтижелі паспен көзге түскен.
Айта кетелік, литвалық "Каунас Сити" командасында өзге де қазақстандық спортшылар өнер көрсетіп жүр. Бұғңан дейін бұл клубқа қақпашы Демид Еремеев пен қорғаушы Данияр Ғабдуллин ауысқан болатын.