УЕФА «Челсиге» келесі маусымда Еуропа Лигасы мен Чемпиондар Лигасының бірін таңдауға құқық берді

Getty Images
Белгілі бір жағдайда «Челси» келесі маусымда қай еурокубоктық турнирге қатысатынын таңдауға мүмкіндік алуы мүмкін, деп хабарлайды Bassport.kz сайты, ESPN сайтына сілтеме жасай отырып.
Егер лондондық клуб АПЛ-де Чемпиондар лигасы аймағында маусымды аяқтап, сонымен қатар Конференциялар лигасының финалында «Бетисті» жеңсе, УЕФА «Челси»-ге таңдау құқығын береді. Өйткені Конференциялар лигасында жеңіске жету командаға келесі маусымда Еуропа лигасына тікелей жолдама сыйлайды. Мұндай жағдайда «Челси» келесі маусымда Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының бірін таңдай алады.
Бұл ереже бастапқыда рейтинг төмен лигалардағы командаларға арналған еді. Ондай клубтар Конференциялар лигасын ұтып, өз елінің чемпионатында да жеңіске жетуі мүмкін. Егер олар Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінен өту қиын деп санаса, Конференциялар лигасындағы жеңісі арқылы бірден Еуропа лигасына қатысу құқығына ие бола алады.
Чемпиондар лигасына жолдама алу үшін «Челси» АПЛ-де алғашқы бес орынның бірінде маусымды аяқтауы керек. Қазіргі таңда чемпионаттың аяқталуына екі тур қалғанда, «синилер» бесінші орында тұр және «Астон Вилладан» қосымша көрсеткіштер бойынша озып келеді.