Қазақстандық танымал футболшы кәсіби мансабын аяқтағаны жайлы жариялады

Қазақстандық танымал футболшы кәсіби мансабын аяқтағаны жайлы жариялады
Футбол

ФК «Ордабасы»

Павлодарлық «Ертіс» пен Қазақстан Ұлттық құрамасының бұрынғы қорғаушысы Ғафуржан Сүюмбаев футболшы ретіндегі мансабын аяқтады, деп хабарлайды Bassport.kz сайты.

«Рақмет, футбол...

Бүгін мен кәсіпқой футболшы ретінде мансабымды аяқтаймын.

Аллаға шүкір. Мен өзімнің арманымды орындадым және сүйікті спорт түрімен айналыстым. Бұл шынымен де маған өмірімдегі ең үздік сәттерімнің бірін сыйлады.

Футболдық өмірімде тамаша адамдармен, менеджерлермен, бапкерлермен және командаластармен танысу бұйырды - сол үшін осындай бір керемет сәттерді сағынамыз және сол үшін де үлкен рақмет.

Ерекше алғысымды арманымды ойластыру үшін дайындалуға көмектескен ата-анама, отбасыма, достарыма, ақылшыларыма және менімен бірге ыстық-суықта да өмір сүрген жандарға алғыс айтқым келеді.
Одан бөлек, жанкүйерлерге үлкен алғыс! Сіздер қашанда бізбен бірге болдыңыздар. Сіздердің арқаларыңызда мен бекерге ойнамағанымды түсінемін. Енді жаңа бастама. Бірақ, футбол мәңгілікке менің жүрегімде қалады», — деп, Суюмбаев өзінің Instagram-парақшасында жариялады.

Естеріңізге сала кетсек, наурыз айында Ғафуржан Сүюмбаев тізе жарақатын алып, ұзақ уақытқа дейін қатардан шығып қалған еді.