Қазақтар әйгілі Тедди Ринерге шапан жапты

Қазақтар әйгілі Тедди Ринерге шапан жапты
Дзюдо

Үш дүркін Олимпиада және 11 мәрте әлем чемпионы франциялық дзюдошы Тедди Ринер Алматыдағы Дзюдо академиясына барды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Қазақстандық татами шеберлерінің юиылғы алғашқы оқу-жаттығу жиыны Франция дзюдо федерациясымен бірлесіп өткізіліп жатыр. Осының аясында Дзюдо Академиясына барған Францияның аңыз дзюдошысы Тедди Ринер ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасымен кездесті. Кездесуде әлемге әйгілі дзюдошының үстіне қазақтың дәстүріне сай шапан жабылды. Сондай-ақ, Франциядан Қазақстанға арнайы келген жаттықтырушы-кеңесшілер Ксавье Монденкс пен Стефан Трайно шапан киді. 

Еске салайық, аталған оқу-жаттығу жиындары 22 қаңтарға дейін жалғасады.