Қазақ баласы Дархан Қойбағар әлемдік Grand Slam турнирінде алғашқы медаліне қол жеткізді

Қазақ баласы Дархан Қойбағар әлемдік Grand Slam турнирінде алғашқы медаліне қол жеткізді
Дзюдо

Душанбеде (Тәжікстан) өтіп жатқан дзюдодан әлемдік Grand Slam турнирінде Қазақстан қоржыны екінші медальмен толықты, деп хабарлайды Bassport.kz. 

73 келіде белдескен Дархан Қойбағар өз мансабында алғаш рет Grand Slam турнирінің қола жүлдегері атанды. Кіші финалда Дархан олимпиадалық рейтингте 30-орында тұрған моңғолиялық Ерденбаяр Бацаямен белдесіп, қосымша уақытта жеңіске жетті.

Әлемдік рейтингте алғашқы жүздікке де енбейтін Дархан Қойбаған үшін бұл үлкен жетістік екені сөзсіз.

Айта кетелік, турнир барысында Қойбағар Өзбекстан, Оңтүстік Корея және Моңғолия балуандарынан басым түсіп, жартылай финалда швейцариялық қарсыласына жол берді.