“Әл-Наср” бапкері: “Роналдудың ойыннан қайта рахат алғанын қалаймын”

“Әл-Наср” бапкері: “Роналдудың ойыннан қайта рахат алғанын қалаймын”
Футбол

Саудиялық “Әл-Наср” клубының бас бапкері Руди Гарсия португалиялық футболшы Криштиану туралы ойымен бөлісті, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі “France24” сайтына сілтеме жасап. 

“Роналдуға тілейтін тек бір нәрсем - ойыннан қайта рахат ала бастауы. Өйткені, соңғы айларда “Манчестер Юнайтедте” де, ұлттық құрамада да, жеке өмірінде де қиын шақтарды басынан өткерді. Егер футболдан қайта ләззат ала бастаса, мақсатымызға қол жеткізген боламыз”, - деді Руди Гарсия

Еске салайық, Криштиану Роналду 2022 жылдың соңында саудиялық клубпен 2,5 жылға келісімшартқа отырды. Ал португалиялық футболшы жаңа клубы үшін алғашқы матчын 22 қаңтар күні өткізіп, “Әл-Иттифакқа” қарсы ойнайды.