ММА-дің жас жұлдызы 18 жасында өмірден өтті
Жекпе-жек
ONE Championship лигасының жас жұлдыздарының бірі Виктория Ли 2022 жылдың 26 желтоқсанында 18 жасында дүниеден өтті. Бұл туралы оның әпкесі Анджела Ли өзінің әлеуметтік желідегі парақшаларында жазды, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.
Жекпе-жек шебері қазасының себептері ашық айтылмаған.
"Ол өмірден тым ерте кетті. Отбасымызда орны ойсырап тұр. Біз оны қатты сағындық. Енді отбасымыз, өміріміз ешқашан бұрынғыдай болмайды", - деп жазды Анджела Ли.
Виктория Ли 14 қаңтар күні ONE on Prime Video 6-да жекпе-жек өткізуі керек болатын. Ал кәсіпқой ММА-де ол 2021 жылы дебют жасап, содан бері үш жеңіске қол жеткізген. Оның әпкесі Анджела мен ағасы Кристиан да ONE Championship чемпиондары атанған.