Үстел теннисі: Қазақстан ерлер құрамасы Азия чемпионатында Жапониядан жеңілді

Үстел теннисі: Қазақстан ерлер құрамасы Азия чемпионатында Жапониядан жеңілді
Теннис

ҰОК

Үстел теннисінен Қазақстан ерлер құрамасы Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатқан Азия чемпионатында жарыс жолынан шығып қалды, деп хабарлайды Bassport.kz ҰОК-ге сілтеме жасап.

Ширек финалда ұлттық құрама Жапония құрамасына 2:3 есебімен есе жіберді. Қазақстандықтар кездесуде екі рет алға шықты. Алдымен Кирилл Герасименко Хирото Синозуканы 3:2 есебімен жеңсе, кейін Алан Құрманғалиев Юта Танаканы 3:1 есебімен ұтты. Алайда жапониялықтар ойын барысын өз пайдасына өзгерте алды. Томоказу Харимото Ескендір Харкиді 3:0 есебімен, кейін Кирилл Герасименконы 3:1 есебімен жеңді. Ал шешуші ойында Хирото Синозука Ескендір Харкиден 3:0 есебімен басым түсті. Осылайша, Қазақстан құрамасы жүлдеден үмітін үзгенімен, 5-8-орындар үшін бақ сынайды. Енді қазақстандық теннисшілер Үндістан құрамасымен кездеседі. Екінші жұпта Иран мен Гонконг құрамалары ойнайды. Бұл кездесулердің жеңімпаздары бесінші орын үшін күш сынасса, жеңілген командалар жетінші орынға таласады.