Анна Данилина Нинбо турниріндегі жорығын аяқтады

Анна Данилина Нинбо турниріндегі жорығын аяқтады
Теннис

ҰОК

Қазақстанның жұптық сындағы үздік теннисшісі Анна Данилина Қытайдың Нинбо қаласында өтіп жатқан WTA 500 санатындағы турнирдің алғашқы айналымында жеңіліс тапты, деп хабарлайды Bassport.kz Informsports.kz-ке сілтеме жасап. 

Қазақстандық теннисші бұл жарыста қытайлық Синью Яньмен бірге өнер көрсетті. Олар турнирде төртінші нөмірмен тіркелген болатын. Бірінші айналымда қазақстандық-қытайлық жұп америкалық Дезире Кравчик пен венгриялық Фанни Столлар дуэтіне қарсы ойнады. 1 сағат 22 минутқа созылған кездесуде Данилина мен Янь бірде-бір эйс жасай алмады. Сондай-ақ екі рет қос қателік жіберіп, қарсыластарының геймін екі мәрте өз пайдасына шешті. Алайда өз доп беруінде төрт геймде жеңіліп, нәтижесінде 3:6, 4:6 есебімен ұтылды.