Мерей Мәулитқанов Астанадағы әлем чемпионатын жеңіспен бастады
Жекпе-жек
ҰОК
Елорда төріндегі Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында күрес түрлерінен ересектер арасындағы әлем чемпионаты ресми түрде жалауын көтерді, деп хабарлайды Bassport.kz.
Дүбірлі додада Қазақстан ұлттық құрамасы сапынан бозкілемге алғаш болып грек-рим күресінің шебері Мерей Мәулитқанов шықты. 77 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынайтын отандасымыз бірінші кездесуінде Оңтүстік Корея спортшысы Кан Хенджинді шаң қаптырды. Мәулитқанов кездесуді 9:0 есебімен мерзімінен бұрын айқын басымдықпен аяқтап, турнирді сенімді бастады.
Сондай-ақ бүгін, 24 қазанда Исхар Курбаев (55 келіге дейін), Айдос Сұлтанғали (60 келіге дейін) және Ибрагим Магомадов (82 келіге дейін) белдесуге шығады.