Үстел теннисінен Қазақстан ерлер құрамасы Азия чемпионатының ширек финалына өтті

Үстел теннисінен Қазақстан ерлер құрамасы Азия чемпионатының ширек финалына өтті
Теннис

ҰОК

Өзбекстанның Ташкент қаласында өтіп жатқан үстел теннисінен Азия чемпионатында Қазақстан ерлер құрамасы ширек финалға жолдама алды, деп хабарлайды Bassport.kz ҰОК-ге сілтеме жасап. 

Турнирдің үздік 8 командасының қатарына қосылу үшін өткен плей-офф кезеңіндегі шешуші кездесуде қазақстандық спортшылар Ирак құрамасын 3:0 есебімен айқын басымдықпен жеңді. Осылайша, ұлттық құрама құрлық біріншілігіндегі жарысты жалғастырады. Ширек финалда Қазақстан Жапония құрамасымен кездеседі. 

Айта кетейік, бұған дейін топтық кезеңде қазақстандықтар Филиппинді (3:0) және Шри-Ланканы (3:1) қапы қалдырған. Ал плей-офф кезеңінде Малайзия құрамасынан 3:0 есебімен басым түсті. Қазақстан құрамасы сапында Кирилл Герасименко, Алан Құрманғалиев, Санжар Жұбанов, Айдос Кенжіғұлов және Ескендір Харки өнер көрсетіп жатыр.