"Ақтөбе" маусымға дайындығын Түркияда пысықтайды

Футбол

"Ақтөбе" футбол клубы жаңа маусымға дайындықты Түркияда жалғастырады. Шетелде өтетін оқу-жаттығу жиындары 7 қаңтарда басталады, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Андрей Карпович шәкірттерінің Түркиядағы оқу-жаттығу жиындары 7-26 қаңтар аралығында жүріп, осы кезеңде команда 5 жолдастықк ездесу өткізеді. Алайда команданың қарсыластары әлі белгілі болған жоқ. 

Еске салайық, бұған дейін команда Ақтөбеде оқу-жаттығу жиынының бірінші кезеңін өткізген болатын.