Сметов, Шамшадин, Шамшаев: Астанадағы Grand Slam додасында кімдер бақ сынайды

Сметов, Шамшадин, Шамшаев: Астанадағы Grand Slam додасында кімдер бақ сынайды
Дзюдо

10-12 мамыр күндері Астанада өтетін дзюдодан әлемдік Grand Slam турниріне қатысатын Қазақстан құрамасы анықталды, деп жазады Bassport.kz.

Аталған сынға Қазақстан құрамасы әр салмақта төрт балуаннан қоса алады. 

Ерлер:

60 келі: Елдос Сметов, Мағжан Шамшадин, Шерзод Давлатов, Дәурен Сүйеукенов;

66 келі: Ғұсман Қырғызбаев, Жанарыс Рахметқали, Есет Қуанов, Нұрсұлтан Зайзағалиев;

73 келі: Жансай Смағұлов, Данияр Шамшаев, Асқар Нарқұлов, Бақытжан Әбдірахманов;

81 келі: Абылайхан Жұбаназар, Руслан Мұсаев, Жалғас Қайролла, Мәди Амангелді;

90 келі: Айдар Арапов, Ермахан Әнуарбеков, Құдырет Досымов, Мұхамедәли Мавлидов;

100 келі: Нұрлыхан Шархан, Ислам Бозбаев, Әділет Сапарғалиев, Бекзат Шағатаев;

+100 келі: Ерасыл Қажыбаев, Еламан Ерғалиев, Мәди Еділбаев, Ғалымжан Қырықбай.

Қыздар арасындағы бәсекеге Абиба Әбужақынова қатыспайды. Олимпиадалық рейтингте ұпайын түгендеп алған спортшы әлем чемпионатында өнер көрсетуді мақсат етіп отыр.