Қазақстандық хоккейшілер Канададан ірі есеппен ұтылды

Қазақстандық хоккейшілер Канададан ірі есеппен ұтылды
Хоккей

Шайбалы хоккейден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан мен Канада құрамалары кездесті, деп жазады Bassport.kz.

Топтағы соңғы матчта қазақстандықтар ірі есеппен қарсыласқа жол берді. Біздің хоккейшілер өз қақпасына 11 гол жіберіп алды. 

Ал Канада қақпасына Асанәлі Саркенов үш шайба соқты.

Айта кетелік, бұған дейін Қазақстан құрамасы тарихи жеңісіне қол жеткізген болатын. Біздің команда Чехияны 4:3 есебімен овертаймда ұтып, әлем чемпионатындағы бірінші жеңісін тойлаған болатын.