Дәурен Абаев қызметінен кетті, Президент жаңа министрді тағайындады

Дәурен Абаев қызметінен кетті, Президент жаңа министрді тағайындады
Басқа

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Дәурен Абаевты қызметінен босатып, Асхат Ораловты ҚР Мәдениет және спорт министрі лауазымына тағайындады, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

"Мемлекет басшысының жарлығымен Асхат Раздықұлы Оралов Қазақстан республикасының Мәдениет және спорт министрі лауазымына тағайындалды", - деп жазылған Ақорданың ресми сайтында. 

Асхат Оралов 2022 жылдың ақпан айынан бастап "Amanat" партиясының атқарушы хатшысы қызметін атқарған. Оған дейін (2021 жылдың шілдесінен бастап) Астана әкімінің орынбасары болды, ал одан бір жыл бұрны, яғни 2020 жылдың шілдесінен бері ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметін атқарған. Ал Дәурен Абаев болса, 2022 жылдың қаңтар айынан бастап ҚР Мәдениет және спорт министрі қызметін атқарған болатын.