Магнус Карлсен әлем чемпионатының ережесін бұзды
Шахматтан әлем чемпионы Магнус Карлсен Алматыда өтіп жатқан жаһан біріншілігінің блицтен өткен сынына спорттық киіммен келіп, әрі партияға кешігіп, жарыстың ережесін бұзған, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.
Ол беларус шахматшысы Владислав Ковалевке қарсы өткізген партиясына екі жарым минутқа кешігіп келіп, кездесудегі алғашқы қадамын оның аяқталуына 30 секунд қалғанда жасаған. Одан бөлек, норвегиялық шахмат шебері жарысқа доданың дресс-кодына сәйкес емес спорттық киіммен келген. Оған себеп - Магнус Карлсеннің тау-шаңғысы спортынан келе жатқанда кептеліске түсіп, жарысқа кеш қалуы. ТАСС ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, спортшы партия аяқтала салысымен киімін ауыстырған.
Десе де, әлем чемпионатының ережесіне сай емес әрекет жасап, партияға кешігіп келгеніне арамастан, Магнус Карлсен Владислав Ковалевтен басым түскен.