Магнус Карлсен төрт дүркін әлем чемпионы атанды
Шахматтың рапид түрінен Алматы қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының ерлер арасындағы сыны өз мәресіне жетіп, жеңімпаздар анықталды. Өзіне тең келер ешкім жоқ екенін тағы бір мәрте дәлелдегін норвегиялық шахматшы Магнус Карлсен рапидтен төрт дүркін әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.
Норвегиялық гроссмейстер 13 турда 10 ұпай жинап, қарсылас шақ келтірген жоқ. Магнус Карлсен мен ирандық Пархам Магсудлудың кездесуі алдында турнирлік кестеде үш бірдей көшбасшы болды. Норвегиялық спортшыдан бөлек, неміс шахматшысы Висент Каймер мен ресейлік Владислав Артемьевтің еншісінде де 9 ұпайдан болды. Одан бөлек, ресейлік спортшы 11-турда әлем чемпионы атанған Карлсенді жеңіп кеткен. Алайда екі спортшы да қорытынды кезеңде өз қарсыластарынан жеңіліс тауып, соңында Магнус Карлсенге тең келер ешкім болған жоқ.
Бұған дейін норвегиялық спортшы шахматтың рапид түрінен 2014, 2015 және 2019 жылдары әлем чемпионы атанған болатын.