Айару Қалысбек каратэден әлем чемпионатында жүлдегер атанды

Айару Қалысбек каратэден әлем чемпионатында жүлдегер атанды
Жекпе-жек

Қазақстан каратэ федерациясы

Қазақстандық жас каратэші Айару Қалысбек Польшаның Бельско-Бяла қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды. Бұл – Қазақстан құрамасының аталған додадағы алғашқы жүлдесі, деп хабарлайды Bassport.kz Informsports.kz-ке сілтеме жасап. 

Қазақстан каратэ федерациясының баспасөз қызметінің мәліметінше, Айару Қалысбек кадеттер арасында кумите бағдарламасы бойынша 61 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үздік үштікке енді. 

Қола медаль үшін өткен жекпе-жекте отандасымыз Сербия өкілі Анастасия Рудинацпен кездесіп, қарсыласын 5:2 есебімен сенімді түрде жеңді. 

Бұған дейін қазақстандық спортшы топтық кезеңде Финляндия, Албания және Испания елдерінің өкілдерінен басым түскен болатын. Ширек финалда Жапония спортшысы Кохару Сатоны 4:0 есебімен жеңіп, жартылай финалға жолдама алды. Ал финалға шығу үшін өткен тартысты кездесуде Айару америкалық Михаэла Аркаленге 3:6 есебімен есе жіберді. Дегенмен қола жүлде үшін өткен шешуші белдесуде жеңіске жетіп, Қазақстан қоржынына алғашқы медальді салды.