Қазақстан семсерлесуден Мароккодағы әлем кубогы кезеңінде алтын алды

Қазақстан семсерлесуден Мароккодағы әлем кубогы кезеңінде алтын алды
Басқа

ҰОК

Марокконың Касабланка қаласында өтіп жатқан семсерлесуден әлем кубогы кезеңінде Қазақстан ерлер құрамасы жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Bassport.kz ҰОК-ге сілтеме жасап. 

Командалық сайыстың финалында қазақстандық спортшылар Ресей құрамасын 45:40 есебімен жеңді. 

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы ширек финалда Мысырдан басым түссе, жартылай финалда Францияны жеңді. Сонымен қатар жарыс барысында Түркия мен Гонконг құрамаларын да тізе бүктірді. Ұлттық құрама сапында Александр Федотов, Кирилл Павлов, Кирилл Проходов және Вадим Шарлаимов өнер көрсетті. Еске салайық, Қазақстан ерлер құрамасы семсерлесуден 2026 жылы Жапонияда өткен Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алған еді. Сондай-ақ осы маусымда қазақстандық семсерлесушілер Азия және әлем чемпионы атанды.