Қазақстандық балуан U23 әлем чемпионатының финалына шықты
Жекпе-жек
UWW
АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында күрес түрлерінен 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында әлем чемпионаты жалғасып жатыр. Еркін күрестен 57 келіге дейінгі салмақта Мерей Базарбаев финалға жолдама алды, деп хабарлайды Bassport.kz ҰОК-ге сілтеме жасап.
Отандасымыз жартылай финалда жапониялық Дайто Кацумені 7-0 есебімен айқын басымдықпен жеңді.
Осылайша Мерей Базарбаев алтын жүлде үшін бақ сынайды. Оның финалдағы қарсыласы түркиялық Бекир Кесер болмақ.