Masters: 6 дзюдошымыз жарыс жолын бастайды

Masters: 6 дзюдошымыз жарыс жолын бастайды
Дзюдо

Бүгін Израильдің Иерусалим қаласында дзюдодан Masters турнирі басталады. Жылдың ірі әрі қорытынды жарысында Қазақстанның намысын 13 татами шебері қорғайды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

20-22 желтоқсан күндері өтетін турниржің алғашқы жарыс күнінде 6 дзюдошымыз бақ сынайды. 

48 келі. Абиба Әбужақынова - Мэри Ди Варгас Лей (Чили)

57 келі. Севара Нышанбаева - Вера Земанова (Чехия)

60 келі. Елдос Сметов - Анджело Пантано (Италия)

60 келі. Мағжан Шамшадин - Матан Коколоев (Израиль)

60 келі. Бауыржан Нарбаев - Тұран Байрамов (Әзербайжан) 

66 келі. Ғұсман Қырғызбаев - Таль Фликер (Израиль)

Бұл турнирде әр салмақ дәрежесінде чемпион атанған ойыншыға 1800 ұпай берілетінін еске сала кетейік.