Шапюдің дублі “Барыстың” жеңіске жетуіне көмектесті

Шапюдің дублі “Барыстың” жеңіске жетуіне көмектесті
Хоккей

Құрлықтық хоккей лигасы тұрақты маусымындағы үзілістен кейінгі алғашқы матчта “Барыс” сырт айдында “Нефтехимиктен” басым түсті. Астаналық клуб шабуылшысы Майкл Шапю дубль авторы атанды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.

“Нефтехимик” (Нижнекамск) - “Барыс” (Астана) - 1:3 (0:0, 1:0, 0:3)

1:0 - 32:06 - Галимов (Федотов, Березин)

1:1 - 41:22 - Шапю (Михайлис, Бекетаев)

1:2 - 53:16 - Бракко (Луис, Вей)

1:3 - 59:07 - Шапю БҚ

Қақпашылар: Судницин - Гудачек