«Барыс» өз айдынында «Авангардтан» басым түсті
Хоккей
«Барыс» хоккей клубы
«Барыс» хоккей клубы өз алаңындағы ойындар сериясын «Авангардқа» қарсы сенімді жеңіспен бастады, деп хабарлайды Bassport.kz Sport+ сайтына сілтеме жасап.
Астаналық команда қарсыласын 5:1 есебімен жеңді. Джастин Бейли мен Тайс Томпсон екі шайбадан соғып, дубль авторы атанды. Ал тағы бір шайбаны Мейсон Морелли соқты.
12 қазанда «Барыс» келесі кездесуін «Сібірге» қарсы өткізеді.