Рыбакина мен Бублик Уимблдонның үшінші айналымына сенімді өтті
Теннис
ФОТО: JAN KRUGER/GETTY IMAGES
Елена Рыбакина мен Александр Бублик Уимблдон турнирінің үшінші айналымына жолдама алды, деп хабарлайды Bassport.kz Inform.kz сайтына сілтеме жасап.
Әйелдер арасындағы жарыста Қазақстанның бірінші, әлемнің екінші ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ өкілі Кэти Макнеллиді 6:1, 6:2 есебімен екі сетте жеңді.
Ерлер арасындағы бәсекеде Александр Бублик франциялық Кириан Жакені 6:4, 6:3, 7:6 есебімен ұтып, үшінші кезеңге шықты.
Осылайша, қазақстандық екі теннисші де Уимблдон турниріндегі жарысты үшінші айналымда жалғастырады.