Ел қоржынына регбиден Азия чемпионатының күміс жүлдесі түсті
                Басқа
                                            Регби-15-тен Гонконг қаласында өткен әйелдер арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы күміс жүлде иеленді, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.
 Алтын жүлде үшін болған таласта қазақстандық спортшылар жарыс иесі Гонконг құрамасынан 12:14 есебімен жеңіліп, күміске қол жеткізді. Финалдық ойынға дейін, яғни 10 желтоқсан күні өткен матчта да Гонког құрамасы қазақстандық регбишілерді 31:17 есебімен жеңген еді. Осылайша, олар 2019 жылдан кейін біздің ұлттық құраманы алғаш рет жеңді. 
Еске сала кетейік, 15 ойыншы ойнайтын регби Олимпиада ойындарының бағдарламасына кірмейді.