Елена Рыбакина Ига Швентекті ойсырата ұтты

Елена Рыбакина Ига Швентекті ойсырата ұтты
Теннис

WTA

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина WTA Finals турниріндегі екінші ойынын өткізді, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Отандасымыздың жылдың қорытынды турниріндегі кезекті қарсыласы - польшалық, әлемнің екінші ракеткасы Ига Швентек болды. Бірінші сетте польшалық теннисші 6:3 есебімен жеңіске жеткенімен, қалған екі сетте Елена Рыбакина қарсыласын 6:1, 6:0 есебімен ойсырата ұтты. Еліміздің үздік теннисшісі осымен турнирдегі екінші жеңісіне қол жеткізді. Бұған дейін ол америкалық Аманда Анисимованы жеңген еді.

Қазір Елена Рыбакина екі жеңіспен өз тобында көш бастап тұр. Жерлесіміз 5 қарашада Мэдисон Кизбен шеберлік байқасады.