Қазақстан Еуропа чемпионатының іріктеу ойындарына қатысатын құрамын жариялады
ҚФФ
Футболдан Қазақстанның 19 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасы 2026 жылғы Еуоопа чемпионаты іріктеу ойындарына қатысатын құрамын жариялады, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Кирилл Кекер бастаған құрама оқу-жаттығуы жиындарына кірісті. Дайындық Алматыдағы “Қайрат” футбол клубының базасында өтуде. Құрамға 36 ойыншы кірді.
Қақпашылар: Шерхан Қалмұрза, Диас Реймов (екеуі де – «Қайрат»), Саятхан Құсайынов («Ақтөбе»), Мадияр Төлеубек («Ertis»), Махмуджан Сұңғатуллин («Жас Қыран»); Қорғаушылар: Данияр Ташпулатов, Әмірбек Базарбаев, Әкежан Қалиқұлов, Райымбек Кеңесбеков (барлығы – «Қайрат»), Марк Богаачев, Хасен Артурұлы (екеуі де – «Ақтөбе»), Айдын Есболов («Ордабасы»), Шыңғыс Қалиев («Леванте», Испания), Әлихан Жексенбек, Абзал Сағын (екеуі де – «Астана»), Аманжол Бақытжанов («Тобыл»), Темірлан Төребек («Ertis»);
Жартылай қорғаушылар: Евгений Петрик, Карим Махаметжан, Мұхамедәлі Әбіш, Нұржан Еркін, Аламгир Смақов (барлығы – «Қайрат»), Әли Ақылбаев, Нұрхан Қағазбаев («Шахтер»), Ербол Құрманахан («Жетісу»), Руслан Рахметов («Ertis»), Азамат Мусаев («Ақтөбе»);
Шабуылшылар: Мансұр Бірқұрманов, Абылай Төлеухан, Азамат Тұяқбаев, Исмаил Бекболат (бәрі – «Қайрат»), Виталий Латурнус («Ақтөбе»), Алдияр Нұрғали («Леванте», Испания), Мақсат Абраев, Ален Пак, Даниял Назаров (бәрі – «Астана»);
Бапкерлер құрамы:
Кирилл Кекер – бас бапкер;
Сергей Лабодовский – бас бапкердің көмекшісі;
Егор Скулкин – дене дайындығы бойынша бапкер;
Виталий Кувшинов – қақпашылар бапкері;
Алексей Анкудинов – бейнеаналитик.
Айта кетейік, қарашада Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы (U-19) 2026 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясында алғашқы ойындарын бастайды. Матчтар Нидерландта өтеді.
Кирилл Кекер шәкірттерінің қарсыластары – Нидерланд, Кипр және Ирландия құрамалары болады.