Айдана Құмартаева таеквондодан әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды
Басқа
Қазақстан таеквондо федерациясы
Қытайда өтіп жатқан таеквондодан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының мүшесі Айдана Құмартаева қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
46 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен отандасымыз жарыс жолында Польша, Португалия спортшыларын және World Taekwondo өкілі Джесси Бассетті жеңді.
Жартылай финалда отандасымыз түркиялық Эмине Гогебаканмен кездесіп, қола жүлдеге ие болды.
Бұл әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына түскен екінші қола медаль. Бұған дейін Нодира Ахмедова үздік үштіктің қатарынан көрінген еді.
Сондай-ақ, бұрын-соңды қазақ қыздары бір әлем чемпионатында екі медаль жеңбегенін де атап өту керек.