Рыбакина алғаш рет WTA Finals жартылай финалына шықты
                Теннис
                                            WTA
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина мансабында алғаш рет WTA Finals жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Bassport.kz тілшісі.
Аманда Анисимова америкалық Мэдисон Кизді үш сет қорытындысында 4:6, 6:3, 6:2 есебімен жеңді. Бұл нәтиже қазақстандық теннисшінің мансабында алғаш рет жылдың қорытынды турнирінің жартылай финалына шығуына мүмкіндік берді.
Рыбакина топтағы екі ойынын Аманда Анисимова мен Ига Швентекке қарсы өткізіп, екеуінде де жеңіске жеткен болатын.
Жартылай финалға әр топтағы үздік екі теннисші жолдама алады.
Елена Рыбакина бұған дейінгі екі жылда да WTA Finals турнирінде бақ сынаған, алайда жартылай финалға шығып көрмеген еді.