“Барыс” қатарынан төртінші ойында жеңілді
                “Барыс” ХК
Елордалық “Барыс” кезекті өз айдынындағы матчтар сериясын нижнекамскілік “Нефтехимикке” қарсы матчпен бастады, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Команданың ойынға арналған құрамына жаңа ойыншы Макс Уиллман мен жарақатынан айыққан Әлихан Әсетов қосылды.
Матчтың алғашқы бөлігі нәтижелі шабуылсыз өтсе, екінші жиырма минуттықта қарсылас есеп ашып, артыншы оны еселей түсті. “Барыс” Кирилл Панюковтің көмегімен есеп айырмасын қысқартқанымен, “Нефтехимик” тағы да бір шайба соқты. Дінмұхамед Қайыржан таблодағы көрсеткішті тағы да қысқартқан, алайда айдын иелері таразы басын теңестіре алған жоқ. Үшінші кезеңде “Нефтехимик” Адам Шил қорғаған қақпаға тағы екі шайба соқты. Сөйтіп, “Барыс” қатарынан төртінші ойында жеңіліс тапты.
“Барыс” - “Нефтехимик” - 2:5 (0:0, 2:3, 0:2)
0:1 - 23:35 - Хоружев (Точилкин)
0:2 - 25:26 - Белозеров (Юртайкин, Федотов) ГБ 1:2 - 26:12 - Панюков (Әсетов, Шайхмедденов)
1:3 - 27:13 - Белозеров (Юртайкин)
2:3 - 33:01 - Қайыржан (Савицкий)
2:4 - 47:52 - Николишин (Хоруев, Шафигуллин) ГБ 2:5 - 51:57 - Белозеров ГБ
Қақпашылар: Шил - Долганов