Путинцева Уханьдағы турнирдің екінші айналымға жолдама алды
ҚТФ
Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Қытайдың Ухань қаласында өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирдің негізгі кезеңін жеңіспен бастап, екінші айналымға жолдама алды, деп хабарлайды Bassport.kz Informsports.kz-ке сілтеме жасап.
Әлемдік рейтингіде 79-орында тұрған қазақстандық спортшы алғашқы айналымда Түркия өкілі Зейнеп Сонмезбен (59-орын) кездесті. Тартысты өткен матчта Путинцева алғашқы сетте 6:7 (1:7) есебімен жеңілгенімен, кейінгі екі партияда 6:3, 7:5 нәтижесімен басым түсіп, ерік-жігерінің арқасында жеңісті жұлып алды.
Кездесу 2 сағат 54 минутқа созылды.
Осылайша, Юлия Путинцева турнирдің екінші айналымына шығып, ресейлік Диана Шнайдермен кездесетін болды.
Әлемдік рейтингіде 13-орында тұрған Шнайдер алғашқы айналымда Ұлыбритания өкілі Кэти Бултерді (54-орын) 6:3, 6:1 есебімен сенімді жеңді. Бұл кездесу 1 сағат 31 минутқа созылды.