Үстел теннисінен Ташкенттегі Азия чемпионатына ел құрамасынан кімдер қатысады
Теннис
ҰОК
19-25 қазан аралығында Өзбекстанның Ташкент қаласында үстел теннисінен Азия чемпионаты өтеді. Құрлық біріншілігінде Қазақстан атынан 10 спортшы бақ сынайды, деп хабарлайды Bassport.kz ҰОК-ге сілтеме жасап.
Ерлер құрамына Кирилл Герасименко, Алан Құрманғалиев, Айдос Кенжіғұлов, Санжар Жұбанов және Ескендір Харки кірді.
Әйелдер арасындағы жарыста Зәуреш Ақашева, Сарвиноз Миркадирова, Жанерке Көшкімбаева, Альбина Жақсылықова және Ангелина Романовская өнер көрсетеді.