Шанхай мастерс турнирі: Александр Бублик әлемнің 2-ракеткасына есе жіберді

Шанхай мастерс турнирі: Александр Бублик әлемнің 2-ракеткасына есе жіберді
Теннис

ҚТФ

Қазақстанның бірінші, әлемнің 22-ракеткасы Александр Бублик Шанхай (Қытай) ATP 1000 турнирінің ширек финалына шыға алмады, деп хабарлайды Bassport.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қазақстандық теннисші төртінші айналымда әлемнің 2-ракеткасы, германиялық Александр Зверевке тап келді. Бұл матчтың фавориті германиялық спортшы еді. Бірінші партияда тай-брейкте Зверевтің мерейі үстем болды - 7:6 (8:6). Екіншісінде Бублик брейк жасап, басымдылық танытты - 6:4. Үшінші, шешуші сетте тағы да тай-брейкте германиялық теннисшінің асығы алшысынан түсті - 7:6 (7:1). Екі сағат 41 минутқа созылған тартысты бәсекеде Бублик 20 эйспен бірге 3 брейк-пойнттың екеуін құр жіберген жоқ. Зверев 14 эйс, 1 брейкпен (6 брейк-пойнт) ерекшеленді. https://kaz.inform.kz/news/shanhay-masters-turnir-aleksandr-bublik-alemnn-2-raketkasina-zhol-berd-03b47cab