Қазақстандық төрешілер Натали Ламберден дәріс алды
Қысқы спорт
Олимпиада чемпионы (1992) және төртжылдықтың басты додасының жүлдегері, шорт-трек ардагері әрі жұлдызы, ISU техникалық комитетінің мүшесі канадалық Натали Ламбер қазақстандық төрешілерге арнап семинар өткізді, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.
Семинар барысында қазақстандық төрешілер жарыстың жаңа ережелерімен және жаңа маусымдағы техникалық өзгерістермен танысты. Биыл қазақстандық мамандар Ұлттық төреші, халықаралық төреші, ISU төрешісі санаттары бйоынша өз білімдерін халықаралық деңгейде растаған болатын.
Ертең, 16 желтоқсан күні Алматыда шорт-тректен әлем кубогының 4-кезеңі басталатынын еске сала кетейік.